Иван Дычконың 1 желтоқсанға жоспарлаған жекпе-жегі өтпейтін болды
Боксшы Иван Дычконың 1 желтоқсанға жоспарланған жекпе-жегі өтпейтін болды, – деп хабарлайды Stan.kz.
Ауыр салмақ дәрежесінде өнер көрсететін қазақстандық боксшының келесі кездесудегі қарсыласы ауысқан екен. Сол себепті жекпе-жек жоспарлаған күннен бір аптаға кейін шегерілді.
Жоспар бойынша, Дычко 1 желтоқсан күні америкалық Ламарко Эллисомен жұдырықтасуы керек болған. Ендігі кездесу 8 желтоқсанға белгіленді. Бұл жолғы қарсыласы – америкалық боксшы Джамал Вудс.
Ал Дычкомен жұдырықтасуға ниетті былғары қолғап шеберлері төбе көрсетсе, келесі кездесу 16 желтоқсанда өтуі мүмкін. Екі жекпе-жек те АҚШ-та өтеді деп жоспарланып жатыр.
Оқи отырыңыз:
Жансая Әбдімәлік: Қыздарға тырнақ бояуы қызық, ал маған ол ұсақ дүние болып көрінеді
Майк Тайсон: Анам маскүнем, әкем сутенер болды
Сәпиевтен эстафета қабылдаған Левит уәде бойынша балалар үйіне барды
Түрік жігіті матч кезінде Мария Шараповаға үйлену туралы ұсыныс жасады (видео)