Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ит пен құсты да өлтіре алады": Бұрын-соңды болмаған 2,7 келілік алып қамыс құрбақасы табылды

Аустралия штаты Квинслендтегі ұлттық саябақта салмағы 2,7 кг болатын алып қамыс құрбақасы табылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі DailyMail сайтына сілтеме жасап.

бақа

Өткен аптада Квинслендтің солтүстік-батысындағы Конвей ұлттық саябағындағы жаяу жүргіншілер жолын зиянкестерден тазалайтын қоршаған орта және ғылым министрлігінің қызметкерлері “Тоадзилла” деп аталатын ұзындығы 25 см құрбақаны тапты.

Қамыс құрбақасының орташа салмағы 450 грамм, алайда мына тоадзилла алты есе үлкен, 2,7 кг екені анықталды.

"Бұл аяғы бар футбол добына ұқсайды. Қамыс құрбақасы әдетте жәндіктер мен бауырымен жорғалаушылар тобына кіреді, бірақ олар аузына сыйғанның бәрін жейді, – деді орманшы Кайли Грей.

Қоршаған орта және ғылым департаментінің мәліметі бойынша, бұл қамыс құрбақасы үлкейген сайын ұсақ сүтқоректілермен, құстармен қоректенеді.

Грей алып құрбақаны аяқ жағынан байқады.

"Мен еңкейіп, қамыс құрбақасын ұстағанда, оның соншалықты ауыр екеніне сене алмадым", –  деді орманшы.

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, 1991 жылдан бері ең алып бақа "Ханзада" деп аталатын қамыс құрбақасы болған. Оның ұзындығы 35 см және салмағы 2,65 кг.

Қызметкерлер Тоадзилланы арнайы таразыға өлшемеген. 

Қамыс бақалары жабайы табиғатта 15 жылға дейін өмір сүре алады. Грейдің пікірінше, бұл бақаның өмір сүргеніне бірнеше жыл болды.

Бақа Брисбендегі Квинсленд мұражайына жіберілді, онда ол ресми түрде өлшеніп, зерттеледі.

1991 жылы Достастық Үкіметі қамыс бақаларын қауіпті деп таныды. Өйткені ол тропикалық экожүйелерді уыттылығымен бұзады, сондай-ақ олар өте үлкен болғандықтан, басқа тіршілік иелерін тоқтаусыз жеп қояды. Әрі иттер мен құстарды өлтіре алады.

Талқылау