Ыстамбұлдағы қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек ретінде 160 мың доллар жинаған
Ыстамбұлда тұратын қазақтар жер сілкінісінен зардап шеккендерге көмек жіберіп жатыр. Сонымен қатар 16 мың доллар ақша жинаған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видеодан скриншот
Сыртқы істер министрлігінің мәліметінше жер сілкінісінен зардап шеккен аймақтарға гуманитарлық көмек жіберу жұмыстарын Ыстамбұлдағы бас консулдық, еліміздің белсенді азаматтары, студенттер мен жергілікті қазақ диаспорасы ұйымдастырған.
“Осы уақытқа дейін сомасы шамамен 160 мың АҚШ долларын құрайтын көмек жиналып, жөнелтілді. Атап айтқанда, балалар тағамдары, балалар киімдері, жөргектер, азық-түлік, жылы киімдер, көрпелер және т.б. қажетті өнімдер жолдануда. Гуманитарлық көмек түрік билік органдарының келісімімен жасалуда", – делінген хабарламада.
Бас консул Әлім Байел өз үлесін қосып жатқан Ыстамбұлдағы қазақтарға алғыс айтты.
Алматыда каннибалдар жеті әйелді өлтіріп, олардың етінен тұшпара жасаған
Құрбандардың басым бөлігі Саин мен Сейфуллин көшелерінде клиент іздеген секс-қызметкерлері еді.
Қазақстандағы және шетелдегі оқу ақысы қандай: Үздік 500 университетті салыстырып көрдік
Елдегі ең үздік университеттердің өзі былтырмен салыстырғанда төмендеп кетті