Исландияда алғаш рет маса пайда болды

Фото: depositphotos.com
Исландияда алғаш рет маса пайда болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Жергілікті RUV телерадиокомпаниясының мәліметінше, ел тарихында тұрғындар алғаш рет масаларды байқаған.
Аралда масалардың бар екені туралы алғаш рет Facebook әлеуметтік желісінде хабарланған.
Желі қолданушысы Бьорн Хьялтасон 16 қазан күні кешке бірнеше масаны байқап, оларды Исландия Жаратылыстану институтына талдауға тапсырғанын жазған. Институттың энтомологы Маттиас Альфредссон олардың масалар екенін растады.
Қытайда маса арқылы қауіпті вирус тарады
"Бұл – Исландия аумағында масалардың алғаш рет табылуы", – деп келтіреді RUV Альфредссонның сөзін.
RUV хабарлауынша, энтомологтың айтуынша, бұл масалар Culiseta annulata түріне жатады. Олар суыққа төзімді болғандықтан, аралда қалып қалуы мүмкін.
Ресейлік қыз қазақ отбасына келін болып түсті: Ол Қазақстан жайлы көзқарасы қалай өзгергенін айтты
Алена: “Қой бауыздайтындары әлі таңғалдырады, ал шашу мен құдалық ұнады”
Джульеттаның кеудесін ұстап, құлпытасты сүйеді: Әлемдегі ең оғаш туристік ырымдар тізімі
Stan.kz редакциясы ерекше жоралғыларға шолу жасады