Иранда хиджаб киюге қарсылық білдірген бойжеткен киімін шешіп тастады: Енді ол түрмеге қамалуы мүмкін
Иранда сырт киімін толық шешіп тастаған қыз қамауға алынды. Осылайша ол хиджаб киюге қарсылығын білдірген. Оқиға бойжеткен білім алып жүрген университет аумағында болған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Euronews басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Видеодан скриншот
Желіде тараған видеода киімін шешіп тастаған қыздың Тегерандағы университет кампусында отырғанын көруге болады. Amnesty Iran дерегіне сәйкес бұл жағдайдан кейін қызға зорлық көрсетілуі мүмкін.
Сондай-ақ бұған дейін қауіпсіздік қызметі тарапынан хиджабты дұрыс кимегені үшін қудалауға ұшыраған екен.
Х желісінде тараған қыздың видеосы қоғамда қызу талқыға түсті. Кейбірі оны "батылдығы" үшін мақтап, қолдау білдірген.
Қазақстанда "Ерен еңбегі үшін" медалі кімдерге беріледі, талаптары қандай
Заңға сәйкес, марапат мына салалардағы еңбек жетістіктері үшін беріледі
Қазақстанда ең төменгі жалақы 110 мың теңгеге көтерілсе не өзгереді және кімдердің табысы өседі
Маман: "Қазақстанда ең төменгі жалақыны белгілеудің нақты математикалық формуласы жоқ"