Иран билігі ел астанасын оңтүстікке көшіруді ұсынды
Иран президенті Масуд Пезешкиан ислам мемлекетінің астанасын Тегераннан Парсы шығанағы жағалауына көшіру мәселесін қозғады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі ТАСС басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Фото: AP Photo / Vahid Salemi
Пезешкианның айтуынша, қазіргі уақытта Тегеран бетпе-бет келіп отырған проблемаларда өзге тәсілмен шешу мүмкін емес.
"Бізде экономикалық және саяси орталықты елдің оңтүстік жағалауына көшіргеннен басқа амал жоқ", – деді Иран басшысы.
Президенттің бұл сөзін Fars агенттігі келтірген.
"Шикізатты оңтүстіктен және жағалаудан орталыққа жеткізіп, дайын өнім шығару және оны экспортқа шығару үшін қайтадан оңтүстікке жөнелту біздің бәсекеге қабілеттілігімізді кемітіп отыр", – деді Иран президенті.
Сондай-ақ ол қалың көпшіліктің қолдауына ие болу үшін билік алдымен өзі бірінші қадам жасауы керек екенін атап өтті.
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды