Нұр-Сұлтанда спа-салондардың бірінде интим қызмет көрсетіліп келген
Нұр-Сұлтанда “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы аясында “Есіл” ауданының аумағындағы спа-салонда интимдік қызмет көрсету бойынша заңсыз әрекет фактісі анықталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тексеру барысында салон қызметкерлерінің клиенттерге интимдік қызмет көрсеткені мәлім болды. 20-29 жас аралығындағы қыздар мен салон әкімшісі анықталды. Әкімшілік жауапкершілікке тартылған 12 азамат полицияға жеткізілді. Салонның заңсыз қызметі тоқтатылды.
Елордада 8 тамыздан бастап “Учаске” жедел алдын алу іс-шарасы өтуде. Жедел алдын алу іс-шарасы басталғалы бері учаскелік полиция инспекторлары 8 мыңнан астам тұрғын үй массивін, оның ішінде 2,5 мыңнан астам пәтерді, 1110 жеке үйді және 404 қараусыз қалған үйді аралап шықты. Сондай-ақ 6,5 мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды