Интерпол: Пандемия кезінде балаларға жасалатын зорлық-зомбылықтар саны артқан
Интерпол коронавирустық пандемия кәмелетке толмағандарды жыныстық қатынасқа тартуға байланысты қылмыс санының өсуіне әкелді деп мәлімеді. Ұйым бұл туралы арнайы баяндама жариялады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі РБК-ға сілтеме жасай отырып.
Халықаралық қылмыстық полиция ұйымы бұл үрдістің бірнеше себебін атады.
Мектептер мен басқа да балаларды оқыту мекемелерінің жабылуы балалардың қылмыскерлер арбауына түсіп қалуын жеңілдеткен. Сонымен қатар, кәмелетке толмағандар онлайн режимінде көбірек уақыт өткізе бастады, осылайша, қылмыскерлердің ықтимал мақсатына айналды.
Сонымен қатар, балалардың қауіпсіздігін бақылауға міндетті болған әлеуметтік қызметтер біраз уақыт жұмыс істемеді, бұл жағдайдың нашарлауына әкелуі мүмкін. Пандемияға байланысты қылмыскерлерді анықтайтын әртүрлі елдердің құқық қорғау органдары арасындағы байланыс бұзылуы да ғажап емес.
Интерполда, сонымен қатар, "даркнеттегі" сайттардың белсенділігінің артуы тіркелді, әдетте мұндай жерлерде потенциалды қылмыскерлер жиналады. Кәмелетке толмағандармен зорлық-зомбылық көріністері көрсетілген сайттарға кірушілер саны артқан.
Интерполдың Бас хатшысы Юрген Шток жағдайдың нашарлауы бастамасы ғана екенін айтады.
Оның айтуынша, іс жүзінде жағдай әлдеқайда нашар болуы мүмкін.
"Кәмелетке толмағандарға қатысты жасалған әрбір фотосурет немесе видео зорлық-зомбылықтың дәлелі - нағыз қылмыс екенін есте ұстаған жөн", - дейді ол.