Илон Маск жасанды интеллект үшін Apple-ға қарсы шықты
Америкалық кәсіпкер Илон Маск 11 маусымда Apple технологиясына жасанды интеллект технологиялары кіргізілсе, өз компанияларында оны пайдалануға тыйым салатынын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: Myseldon.com
Илон Маск жасанды интеллектке қарсы шықты.
"Егер Apple операциялық жүйе деңгейінде OpenAI-ды енгізсе, компанияларым Apple құрылғыларынан бас тартады. Бұл – қауіпсіздікті бұзу... Шпиондық бағдарламаны тоқтатыңыз, әйтпесе менің компанияларымда барлық Apple құрылғыларына тыйым салынады" – деді Маск.
10 маусымда Apple жаңа iOS 18 операциялық жүйесін және оның генеративті жасанды интеллекті – Apple Intelligence-ті таныстырды. Дауыстық көмекшіге жаңарту қосылып, OpenAI технологиясы біріктіріледі.
11 мамырда Apple Inc. iPhone-ға ChatGPT-ді енгізу үшін OpenAI-мен келісімге отырды.
Ал Маск жасанды интеллекттің дамуы адамзаттың 10-20% өліміне әкелуі мүмкін екенін айтты. Сөзінше, 2025 жылы AI жер бетіндегі кез келген адамнан ақылдырақ болады және 2029 жылға қарай бұл технология интеллект бойынша бүкіл адамзатты басып озуы мүмкін деген пікір айтты.