AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
AAPL
137.35 $
-2.46 %
TSLA
709.42 $
-0.05 %
NDAQ
143.08 $
0.7 %
GOOGL
2207.68 $
-1.35 %
FRHC
40.71 $
-0.97 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ілияс Жансүгіровтің ұлы өмірден өтті

Ілияс Жансүгіровтің ұлы Саят Жансүгіров 91 жасында өмірден өтті. 

Саят Жансүгіров 1930 жылы 21 ақпанда дүниеге келген. Кенші, техника ғылымдарының кандидаты. 

Балалық шағы қиын кездермен тұспа тұс келді. 8 жасында әкесін атып, соңынан анасы да көз жұмды. Саят Ілиясұлы 13 жасында жалғыз қалып, жұмыс істей бастаған. Мәскеуде оқып зейнетке шыққанша тау инженері болып қызмет еткен.

"Әкем керемет адам еді. Ол мені тізесіне отырғызып алып тек жақсы сөздер айтатын. Менің әкем халықтың адамы ғой. Сол кездегі мейірімді бейнесі әлі көз алдымда. Әкеме деген жылылық әлі күнге жүрегімнен кетпейді. Жастайымнан ағайын-туыс, үйге келетін адамдардың бәрі әкеңе ұқсайсың деп айтатын. Мектепте, кейін Мәскеудегі Тау-кен университетінде орысша оқыдым. Жұмыста да өңшең орыстардың арасында болдым. Алайда тілімді сақтап қалдым", – деп еске алды Саят Ілиясұлы бір сұхбатында.

Айта кетейік, Саят жазушының үшінші әйелі Фатима Төребаевадан туған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр