Ильхам Әлиев Қарабақ астанасында Әзірбайжан туын көтерді
Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев 15 қазанда Таулы Қарабақтағы бірнеше елді мекенді аралап, астанасында елінің туын көтерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі АзерТадж басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Әлиев Қарабақ астанасы Ханкенди, Ходжалы қалалары мен Аскеран, Малыбейли ауылдарын, Аскеранск бекінісін, Агдер қаласы мен Сарсанг су қоймасын аралады.
Ханкенди, Ходжалы, Агдер мен Сарсанг су қоймасында Әзірбайжан туын көтеріп, сөз сөйледі.
19 қыркүйекте Әзірбайжан Таулы Қарабақта әскери операция бастады. Қақтығыс 3 күнге жуық уақытқа созылып, нәтижесінде екі тарап келісімге келді. Ал негізгі талаптардың бірі – армян құрылымын қарусыздандыру. Әлиев барлық елді мекенді бақылауға алып, мойындалмаған Таулы Қарабақ республикасының 2024 жылы 1 қаңтарда жойылатынын мәлімдеді.
"Адам қанын ішіп, етін жеген": Атышулы каннибал Жұмағалиевтің қылмыстары неге жылдар бойы ашылмай келді
Ол әйелдерді өлтіріп, денесін бөлшектеп келген
Түркістан облысында жасөспірім қызды зорлады деген басты күдікті мен 12 ер адам жауапқа тартылмаған күйі, іс жабылған
Оқиға осыдан екі жыл бұрын тамыз айында болған