Хоккей жарысында ұйымдастырушылар Қазақстан мен Чехия әнұрандарын шатастырып алды (видео)
Бірінші арна кубогын ұйымдастырушылары хоккей сайысында Чехияның әнұранының орнына Қазақстанның әнұраның қосып жіберді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оқиға 15 желтоқсан күні өткен Чехия мен Швеция хоккей құрамаларының ойынынын алдында болған. Керекті аудиожазба бірнеше минут бойы табылмапты. Дегенмен Чехия хоккейшілері мен команда жанкүйерлері саспай, әнұранды әуенсіз орындай жөнелген.
Бұл жағдайға байланысты Ресейдің хоккей федерациясы өзінің ресми сайтында кешірім сұрады.
Бұл жарыста Чехия құрамасы швед ойыншыларына1:3 есебімен жеңіліпті. Аталған кубокта Швеция бірінші орынға, ал Ресей құрамасы екінші орынға табан тірепті.
Вот за что освистали организаторов Кубка Первого канала pic.twitter.com/ymYviuLKGY
— Семён Галькевич (@galkevich32) 15 декабря 2019 г.
"Қазақстандық өнімді сөреге қойғызбайды": Ақтаудан Алматыға бизнесін дамытуға келген кәсіпкер өндірісін жабуды ойлап жүр
Сөзінше, отандық өнімді қолдамай, оның тауарларына арналған сөре берілмейді.
1 миллион 200 мың теңге: Қазақстанның қай өңірінде мұғалімдер көп жалақы алады
Алматы облысында бір мұғалімнің айлық жалақысы 1 миллион 228 мың теңгеге жеткен