ХҚКО-лар наурыз айында 6 күн жүмыс істемейді: Жұмыс кестесі жарияланды

Қазақстанда наурыз айындағы мерекелер кезіндегі халыққа қызмет көрсету орталықтары (ХҚКО) мен арнайы ХҚКО-лардың жұмыс кестесі жарияланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Наурыз айында ХҚКО бөлімшелері, оның ішінде кезекші бөлімдер де алты күн жұмыс істемейді.
8 және 9 наурызда халықаралық әйелдер мерекесіне байланысты ХҚКО-ларда демалыс күндері болады.
Қазақстандықтар наурызда қанша күн демалады
Қазақстандықтар 8 наурызда жаппай алаяқтарға ұрынады: Полиция ескерту жасады
Наурыз мерекесі кезінде ХҚКО және арнайы ХҚКО-лар 21, 22, 23 және 24 наурыз күндері жұмыс істемейді. 25 наурызда тек кезекші бөлімшелер ғана жұмыс істейді, қабылдау сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жүргізіледі.
Қалған күндері ХҚКО барлық бөлімшелері қалыпты жұмыс режимінде қызмет көрсетеді.
Еске салсақ, бұған дейін Ақтаудағы ХҚКО қызметкерлері жаппай жұмысқа шықпай қойғаны туралы жазған едік.
"Жүрегіне салынған имплант түсіп кеткен": Алматыда сәтсіз отаның кесірінен 20 жастағы жігіт жансақтау бөліміне түскен
Науқас жансақтау бөліміне түсіп қалған
Таиландқа демалуға барған қазақстандық әйел босанып қалған: Баласының еміне күніне 740 мың теңге қажет
Назира: Дәрігерлер өмірінің алғашқы күндерінен бастап инфекция бар екенін растады