Харбинде 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтті
Қытайдың Харбин қаласында 2025 жылғы қысқы Азия ойындарының салтанатты ашылуы өтті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: olympic.kz
Аспанасты елі бұл дүбірлі доданы өз жерінде 3-рет ұйымдастырып отыр. Қытай алғаш рет 1996 жылы қысқы Азия ойындарын дәл осы Харбинде өткізген еді.
Азиядағы төрт жылдықтың басты додасында Қазақстан құрамасы да IX қысқы Азия ойындарының салтанатты шеруінен жүріп өтті.
Азиада ашылуында көк туымызды хоккейші Әділ Бекетаев пен шорт-трекші Ольга Тихонова ұстап шықты.
Бұл жарыста ел намысын 138 спортшы қорғайды. Олар спорттың 10 түрі бойынша медальға таласады.
Өз тарихында 9-рет өтіп жатқан қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында болады. Байрақты бәсеке ашылуы бүгін болғанымен, командалық жарыс түрлері бірнеше күн бұрын басталып кеткен еді.
Айта кетейік, қысқы Азия ойындарында Қазақстанның шорт-тректен аралас құрамасы финалға жолдама алғанын айтқан едік.
“2 миллиард теңгеге жуық“: Қазақстан өңірлері 2026 жылды қарсы алуға қанша қаражат жұмсайды?

