Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Хабиб Нұрмағамедовтің UFC-ден не үшін кеткені белгілі болды

Әлемнің ең үздік жауынгері болған Хабиб Нұрмағамедовтың UFC тұжырымынынан кетуінің басты себебі белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі спортшының бапкері Хавьер Мендестің Sport24 ютуб арнасына берген сұқбатына сілтеме жасап хабарлайды.  

Фото: © Jeff Bottari/Zuffa LLC / Contributor / Getty Images Sport 

Жекпе-жекте жеңілістің ащы дәмін татпаған Хабиб Нұрмағамедовтың спорттан кетуінің басты себебін бапкері баяндады. 

”Хабиб – сөзге берік, ешқашан уәдесінен айнымайтын адам. Ол мансабын аяқтау жайлы шешім шығарғаннан кейін, еш ойланбастан спортты қойды. Енді ол командаластарының бұрышында да болмайды. Тек олардың жаттығу барысын бақылып, дұрыс бағыт-бағдар беріп жүр. Уақытының басым бөлігін отбасымен бірге өткізгісі келеді. Балаларының өзінен алшақта өскенін қаламағандықтан да осындай қадамға барды. Хабибты енді ешкім, ешқашан шаршы алаңға оралта алмайды. 100 мың доллар тұрмақ, одан да көп қомақты қаржы оны райынан қайтармайды” – деді спортшының бапкері Хавьер Мендес.


Бекзат Алмахан: Омардың атақ-даңқынан еш қаймықпаймыз


Айта кетейік, жақында ғана UFC тұжырымымен келісімшартқа отырған Бекзат Алмахан атақты Хабиб Нұрмағамедовтың інісі Омарға қарсы жекпе-жек өткізеді. 

Талқылау