Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Келіндерім менен сұранады": Гүлзира Айдарбекова жас келіндерге кеңес айтты

Танымал продюсер Гүлзира Айдарбекова жаңа түскен келіндерге кеңес айтып, видео жүктеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жақында үшінші мәрте ене атанған продюсер отбасындағы қағидалар мен келіннің міндеттері туралы да айтты. 

“Менен жас отбасы иелері мен жаңа түскен келіндерге қандай кеңес бересіз?” деп өте көп сұрайды. Үйленген ұлға да, тұрмыс құрған қызға да отбасы болу қиын кезеңнен басталады. Отағасымен бас қосқан жылы өте қиын болды. Қазір соны күліп еске аламыз. Ең бастысы – жақсы қарым-қатынас. Сонда ғана шаңырақтың іргесі берік, – дейді продюсер.  

Сонымен қатар жаңа түскен келіндердің де міндетін еске салды.

“Қазір үйдің билігі – өзімде. Келіндерім менен сұранады. Қайда баратынын айтып, қаншада келетінін жазып жібереді. Келін – ененің ертеңі. Көнгісі келмесе бет жыртыспаймын, үндемей қоя саламын. Біз қартайғанда келіннің қолына қарап қаламыз. Бүгін қазан-ошаққа мен билік жүргізіп отырсам, ертең олар жүргізеді. Сондықтан келін ата-енесін сыйлап, қартайғанда бағып-қарайласуы керек. Бәріміз де енемен тұрдық, жаман болғанымыз жоқ”, – дейді Гүлзира Үсенқызы. 

Желі қолданушыларының бірі Гүлзираның пікірі дұрыс десе, екінші тарап “келін – ененің жекеменшігі” емес деп даттап жатыр. 

Еске салайық, шоу-бизнестегі танымал әулет келін түсіріп, сүт кенжелерін үйлендірген болатын. 

Талқылау