Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Айдарбекова екінші ұлы мен келінінің Таиландқа жолдама сыйлағанын айтып мақтанды (видео)

Гүлзира Айдарбекова балаларының арқасында Таиландта демалып келетінін айтып мақтанды. Продюсерге мұндай сыйды екінші ұлы Аян мен келіні Әйгерім жасаған, деп хабарлайды Stan.kz.

Айдарбекованың айтуынша, ұлы адал еңбегімен тапқан ақшасына анасына сый жасап отыр.

“Бүгін Алла қаласа Таиландқа жол жүреміз. Аяным өзінің адал тапқан табысынан, мамамды демалдырам деп құрбыммен бірге өздері сыйлық жасап жатқан жайы бар. Әйгерім екеуінің жоспарлары болу керек. Сізді өз табысымызбен демалдырсақ деп армандап жүр едік дейді. Оны ойлаған балам мен келінімді қалай айналмайын, қалай мақтанбайын. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын” деген. Бір-бірімізді амадығымызда бағалап жүргенімізге не жетсін! Алла бастарына бақ берсін!” – деп мақтанды Гүлзира Үсенқызы.

Продюсер екінші келінінің пысықтығын тағы бір мәрте атап өтті.

“Келінім: мама Тайландта өз дәмімізді сағынасыз деп, мінекей сүрленген ет қазысын дайындап әлек, жолға да әзірлеп қойыпты, жандарым сол! Балаға деген, анаға деген құрметті өзімізден бастайық ағайын! Алла бұйыртып, аман-есен демалып келсек, алда қаншама жұмыстарымыз күтіп тұр. Мәскеу, Түркия елдерінде Қайратымыздың жеке ән-кештері жоспарлануда. Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Астанада өтетін кештеріміздің де куәсі боласыздар деген үміттемін. Жамандықтан емес, жақсылықтан талмай еңбегімізбен шаршайық. Баршаңыздың жақсы күндеріңіз көп болсын!” – деп бөлісті ол.

Бүгін Алла қаласа Тайландқа жол жүреміз. Аяным өзінің адал тапқан табысынан, мамамды демалдырам деп құрбыммен бірге өздері сыйлық жасап жатқан жайы бар.Айгерім екеуінің жоспарлары болу керек. Сізді өз табысымызбен демалдырсақ деп армандап жүр едік дейді. Оны ойлаған балам мен келінімді қалай айналмайын, қалай мақтанбайын. “Жақсының жақсылығын айт, нұры тассын” деген. Бір-бірімізді амадығымызда бағалап жүргенімізге не жетсін!Алла бастарына бақ берсін! Келінім: мама Тайландта өз дәмімізді сағынасыз деп, мінекей сүрленген ет қазысын дайындап әлек, жолға да әзірлеп қойыпты, жандарым сол!👍😘😍 Балаға деген, анаға деген құрметті өзімізден бастайық ағайын! Алла бұйыртып, аман-есен демалып келсек, алда қаншама жұмыстарымыз күтіп тұр. Мәскеу, Түркия елдерінде Қайратымыздың жеке ән-кештері жоспарлануда. Шымкент, Ақтөбе, Алматы, Астанада өтетін кештеріміздің де куәсі боласыздар деген үміттемін. Жамандықтан емес, жақсылықтан талмай еңбегімізбен шаршайық. Баршаңыздың жақсы күндеріңіз көп болсын! Астарыңыз дәмді болсын!

Публикация от Gulzira Aidarbekova (@gulziraaidarbekova)

Жіберіп алмаңыз: 

Қытайдың ең бай миллиардері Димаштың өнеріне қошемет көрсетті (видео)

Сұлулығында мін жоқ: Көпбалалы ана атанып үлгерген қазақстандық жұлдыздар

Бибігүл Төлегенова: Екінші күйеуім қол көтеріп, қызым екеумізді ауруханадан бір-ақ шығарды

14 жастағы Айаруға ересек азаматтар сезім білдіре бастады

Талқылау