Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Гүлназ Жоланова: Қаласа, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығады

Гүлназ Жолановаға тұрмысқа шығу туралы сұрақ жиі қойылады. Алайда актриса өмірін бір адаммен байланыстыруға асықпайды. Айтуынша, отбасын құруды мақсат еткен қызға тұрмыс құру оңай. Тек одан кейінгі өмірді де ойлау керек дегенді алға тартты ол. 

Бұл туралы ол Нұрмахан Маханұлының AdminAnon бағдарламасында айтты, деп жазады Stan.kz.

"Үйдегілер тыныш. Көрермен тарапынан жиі қойылатын сұрақ. Тауға бара жатсам да, теннис ойнап жатсам да, үйде мысығымды түсірсем де, шетелге барсам да "Тұрмысқа қашан шығасың?" деп сұрайды. Мен бұған әзілмен қарауға тырысамын. 

Қашан шығамын деп өмірден түңіліп, күтіп отырмаймын. Шығамын десе, кез келген қыз ертең-ақ тұрмысқа шығып кетеді. Бірақ ар жағындағы өміріңнің сапасын ойлап, әрі қарай да бақытты болу керек. Сондықтан мені асықтырмаңыздар", – дейді Жоланова.

Актриса өмірде ешкіммен жанжалдасып көрмегенін айтады. Сондықтан болашақ күйеуімнің отбасында да олай болуы екіталай, дегенді алға тартады. "Кез келген конфликтінің шешімі – диалог" деп санайтын Гүлназ болашақ қайын жұрты өнеріне түсіністікпен қарайды деген сенімде. 

“Кез келген жаста ешкімнің шекарасын бұзбауға тырысамын. Өзім де соны талап етемін. Кез келген отбасының заңдары болады. Аспаннан салбырап түскендей: "Сәлеметсіз бе, мен бәрін өзгертемін", – деген де дұрыс емес. Басқа республикаға бара жатсың, сондықтан бәрібір икемделесің. Барар алдында отбасындағы заңдармен танысып алуға болады. Қасыңда жігітің бар. "Не істейсіңдер? Қаншада тұрасыңдар? Шай құю керек па?" деген сияқты алдын ала сұрап ал", – деп күлді Жоланова.

Сондай-ақ актриса отбасындағы ұрыс-жанжалды елге жариялайтындарды түсінбейтінін айтты. 

"Кез келген конфликт диалогпен шешіледі. Өзім ешкіммен ұрысып көрмегенмін. Бірақ үйдегі ұрысты әлеуметтік желіде айту орынсыз. "Грязное белье" сол жерде қалуы керек", – деп түсіндірді ол. 

Талқылау