Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Гүл беріп жіберіпті": Ақбота Сейтмағамбет желі қолданушыларын қызықтырып қойды

Ақбота Сейтмағамбет көпшілікті ойландырып қойды. Әнші Жаңа жыл алдында өзіне белгісіз біреудің гүл беріп жібергенін айтты. Бұл жайт желі қолданушыларының қызығушылығын туғызды. 

Бұл туралы әншінің өзі желіде жазды. 

"Белгісіз біреуден келген сыйлық", - деп жазды Ақбота гүл шоғырының суретін жариялай отыра.

Желі қолданушылары бірден сұрақтың астына алды. 

"Сіз бақытты болуға лайықсыз", "Өзіңіз алған жоқсыз ба?", "Кездесіп жүрген адамыңыз бар ма?", "Сізді ұнатып жүрген жігіт қой", "Дәуреннен келген шығар", "Сіз де қуануға тиіссіз. Ешкім жылап жүруге міндетті емес", "Өміріңіз сол гүлдей болсын", "Неткен керемет гүлдер", - деп жазды олар. 

Ақбота Сейтмағамбет желі қолданушыларының сұрақтарына жауап жазған жоқ. 

Айта кетейік, Ақбота мен Дәурен Айдарқұлов ресми түрде ажырасып кетті. Ақбота некенің бұзылуына шектен тыс қызғаныш себеп болғанын алға тартты.

Жақын күндері Дәурен Айдарқұлов 2021 жылы үшінші әйел алатынын айтып, елді қызықтырып қойған еді. Ол үшінші рет қателеспеуге, мәңгі бірге тұруға уәде берді. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр