Горбачевтің көмекшісі КСРО ыдырауының себебін айтты
КСРО-ның президенті Михаил Горбачевтің экономика жөніндегі көмекшісі Олег Ожерельев Кеңес Одағының құлауының басты себебін атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Оның сөзінше, азық-түлік мәселесі КСРО-ның ыдырауына айтарлықтай әсер еткен. Бұл тұрғыда Ожерельев мемлекетте жүргізілген реформалардың да көмегі болмағанын айтады.
1990 жылы тұрғындар демократия талап етіп немесе Горбачевтің билігіне наразы болғандықтан емес, азық-түлік тапшылығынан алаңға шықты дейді ол.
“Дүкендер бос, азық-түлік табу мүмкін болмады”, – дейді Ожерельев.
Горбачевтің экс-көмекшісі КСРО-ның құлауына ауыл шаруашылығы мәселесі түрткі болғанын сөз етті. Айтуынша, егер мұндай қиындықтарды еңсергенде мемлекетті сақтау қалуға болатын еді.
"Ақыл-ойы кемістігін пайдаланып алдаған": Жамбыл облысында зорланып, жүкті болып қалған оқушының анасы 6 айдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр
Жәбірленушінің анасы бір ғана адамның күдікті ретінде танылғанына наразы