Головкиннің жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми түрде жарияланды
Қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің келесі жекпе-жегі қашан және қайда өтетіні ресми түрде жарияланды.
Бұл туралы Невада штатының атлеткиалық комиссиясының (NSAC) сайтына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.
Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкиннің жекпе-жегі 5 мамырда Лас-Вегас қаласындағы MGM Grand аренасында өтеді.
Аталған жекпе-жек HBO PPV ақылы телеарнасынан көрсетіледі.
Десе де айқаста Головкиннің қарсыласы кім болатыны белгісіз. Себебі мексикалық қарсыласы Сауль Альварес допинг дауынан кейін жекпе-жектен бас тартқан еді.
5 мамырда өтетін жекпе-жекте Головкиннің қарсыласы ретінде ирландиялық боксшы Гэри О’Салливан мен украиналық Сергей Деревянченко қарастырылуда.
Оқи отырыңыз:
20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын 31 секундта нокаутқа жіберді
Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)
Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды
Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті