Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

20 жастағы қазақстандық әлем чемпионы қарсыласын 31 секундта нокаутқа жіберді

Қазақстандық боксшы Садриддин Ахмедов кәсіби рингте алғашқы жекпе-жегін сәтті өткізіп, қарсыласын нокаутқа жіберіп, жеңіске жетті.

Садриддин Ахмедов

Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Канаданың Квебек қаласында өткен Centre Videotron бокс кешінің аясында қазақстандық  Садриддин Ахмедов «Акула» ныспысымен танымал 26 жастағы мексикалық боксшы Тони Баррераспен (1-1, 1 КО) жекпе-жекке шықты. 6 раундқа жоспарланған жекпе-жек бірінші раундтың 31-секундында қазақстандық былғары қолғап шеберінің жеңісімен аяқталды.

Осылайша Ахмедов мансабында алғаш рет жеңіске жетті. Ал Баррерас екінші рет жеңіліс тауып отыр.

Айта кетсек, Садриддин Ахмедов кәсіби рингке дейін 69 келі салмақ дәрежесіндегі жастар арасындағы бокстан әлем чемпионтаныда жеңіске жеткен.

Оқи отырыңыз:

Макгрегор қазақстандық егізімен бірге АҚШ-та автобусқа шабуылдады (видео)

Британдық боксшының промоутері: Головкин мен Сондерстің жекпе-жегі күзге жоспарланды

Түркістанда өткен халықаралық бокс турнирінде Бекзат Саттархановтың інісі жеңіске жетті

“Канело” допинг қолданғандықтан Головкин ауыр шығынға батты

Талқылау