AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
AAPL
140.36 $
-1.92 %
TSLA
628.16 $
-6.93 %
NDAQ
146.63 $
-0.73 %
GOOGL
2119.4 $
-4.95 %
FRHC
39.75 $
-2.5 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар: Жер планетасы жеке тіршілік иесі болуы мүмкін

Нью-Йорктегі Рочестер университетінің астрофизиктері Жер планетасының өз алдына жеке тіршілік иесі болуы мүмкін деген болжам жасады. Ғалымдар Жерді зерттей келе, планетамыздың тірі ағзаларға тән ерекшеліктері барын анықтаған, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі National Gepgraphic басылымына сілтеме жасап. 

жер

Зерттеушілер өз жұмыстарына 1970 жылы британдық климатолог Джеймс Лавлок пен америкалық микробиолог Линн Маргулис ұсынған Геи гипотезасын негіз етіп алған. Гипотезаға сүйенсек, Жер – физиологиялық жүйе, ал планетадағы тірі ағзалар – өзін-өзі реттей алатын алып суперағза Гейдің құраушы бөлшектері. 



Астрофизиктер суперағзаның санасы бар екенін айтады. Сондай-ақ адамзаттың замануи өркениетін планетамен бірлесе өмір сүре алатын техносфера дейді. Адамдар пайдалы қазбалар негізінде жұмыс істейтін жүйе мен технологияларды жасап шыққан. Алайда антропогендік фактор Жер атмосферасы мен теңіздерге зиянын тигізуде әрі жануарлар әлемінің азаюына әсер етуде екен.

Ғалымдардың мәліметіне сүйенсек, планетаның биосферасы миллиардтаған жыл бұрын адамзаттың араласуынсыз өз-өзін ұстап тұра алатын әдісті жасай алған. Оның негізгісі – азоттың орнын ауыстыру және көмірқышқыл газын түрлендіруі. 

Зерттеушілер адамдарға да өз техносферасына осындай ерекшеліктерді беру жолдарын анықтау керегін мәлімдеді. 

Айта кетейік, бұған дейін ғалымдар Жерді қайыңның көмегімен тазарту жолын анықтағаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр