Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар жасанды интеллект көмегімен 191 жаңа қауіпті вирусты анықтады

Ватерлоо университетінің канадалық ғалымдары жасанды интеллект (AI) көмегімен бұрын анықталмаған 191 астровирусты анықтап шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Shutterstock

Зерттеу Frontiers in Molecular Biosciences (FMB) ғылыми журналында жарияланды. Астровирустар әлемдегі ең жойқын және кең таралған патогендердің бірі болып саналады. Адамдарда олар ауыр диареяны тудырып, жыл сайын бес жасқа дейінгі 440 000-нан аса баланы өлтіреді.

Құс өнеркәсібінде құс тұмауы сияқты астровирустарды жұқтыру деңгейі 80%, ауру жануарлар арасындағы шығын 50%-ға жетеді.

Үш бөліктен тұратын жаңа жіктеу әдісі бақыланатын машиналық оқытуды, бақыланбайтын машинаны оқытуды және әр астровирусты қолмен таңбалауды қамтамасыз етеді. 2023 жылы геномдары әртүрлі 322 анықталмаған астровирустар болды. Биыл бұл көрсеткіш 479-ға жетті.



"Кез келген уақытта адамдардың 2%-дан 9%-ға дейін үлесі осы вирустардың тасымалдаушысы болып келеді. Кейбір елдерде бұл үлес 30%-ға жетеді. Бұл вирустарды түсіну және тиімді жіктеу вакцина жасау үшін өте маңызды", – деді зерттеудің жетекші авторы, доктор Фатемех Алипур.

Бұған дейін какао ағаштарына әсер ететін вирус жаһандық шоколад өндірісіне қауіп төндірген еді.

Еске салайық, бұған дейін Ресейден Қазақстанға әкелінген қызанақ дәндерінен қауіпті вирус анықталған еді.

Талқылау