Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ғалымдар шемішкенің қаупі туралы ескертті

Эндокринолог Татьяна Бочарова күнбағыс тұқымдары қатерлі аурулардың өршуіне әкелуі мүмкін екенін айтады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

"Шемішке шағу аппендицитке әкеледі деген миф. Бірақ асқазан шынымен де бұзылуы мүмкін, тек басқа себеппен", - деп ескертті дәрігер. Бочарова бұл өнім  жараның немесе гастриттің өршуіне әкелетінін айтады. Өйткені майлардың көп мөлшері бар екенін түсіндірді.

Сонымен қатар, шемішке өте жоғары калориялы:100 граммында 550 калория бар. Бұл бір шоколадқа тең. Ең қауіптісі - тамақ ретінде қабылданбайды және  артық салмақтың пайда болуына ықпал етеді.

Алайда, өнім қалыпты мөлшерде өте пайдалы, өйткені оның құрамында талшық, В, А және Е дәрумендері және жүрек пен жүйке жүйесі үшін маңызды магний бар. Денсаулыққа зиян тигізбеу үшін күнделікті 30 грамнан артық емес тұтынуға болады. Сонымен қатар шемішкені қуыруға болмайды, өйткені оларда канцероген жиналады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр