Футболдан Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте төмендеді
Футболдан Еуропа чемпионатына шығу мүмкіндігінен айырылған Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш сатыға төмендеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: ҚФФ
Ұлттар лигасының жартылай финалында Грекия құрамасынан ойсырай ұтылып, артынша Люксембург құрамасынан жолдастық кездесуде 1:2 есебімен жеңілген Қазақстан құрамасы әлемдік рейтингте үш саты төмендеді. ФИФА-ның жаңартылған рейтингте Ұлттық құрамамыз 100-орыннан, 103-орынға түсіп, алдына Тәжікстан, Қырғызстан, Тайланд және Косово құрамаларын жіберіп қойды. Ал Қазақстанды ұтқан Грекия мен Люксембург құрамалары да рейтингте төмендеген. Грекия 49-орыннан 50-орынға түссе, Люксембург 85-орыннан 87-орынға жайғасқан. Әлемдік рейтингтің көшін Аргентина құрамасы бастап тұр.
Айта кетейік, бұған дейін футболдан Еуропа чемпионатының барлық қатысушысы белгілі болғанын жазған едік.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды

