Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропаның бірнеше елінде ереуілдер өтуде

Еуропаның бірнеше елінде жұмысшылар наразылық білдіруде. Ұлыбритания мен Бельгияда халық жалақыға қанағаттанбайды, ал Франция тұрғындары зейнеткерлік жастың өсуіне қарсы, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Astana TV арнасына сілтеме жасап.

франция

Ереуілдің кесірінен өндіріс тоқтады. Наразы халықты үйлеріне қайтару үшін полиция көзден жас ағызатын газ қолданды.

Францияда миллионнан астам адам ереуілге шықты. Полиция наразылық білдірушілерді көзден жас ағызатын газбен таратпақ болса да, бірақ француздар берілмеді. Олар зейнеткерлік жасты 62 жастан 64 жасқа дейін көтермеуді талап етеді. 

“Олар біз үшін шешім қабылдады. Өздері сондай қызметпен айналыспағасын, оның қаншалықты қиын екенін түсінбейді. Сол үшін бізге жұмыс істеткісі келеді, – дейді француз зейнеткер Женевьев Грегуар.

Эммануэль Макрон Франция тұрғындары көбірек жұмыс істеуі керек екенін бірнеше рет айтты. Тіпті оны сайлау бағдарламасының бір бөлігіне айналдырды. Әйтпесе зейнетақы қоры зейнеткерлерді қамтамасыз ете алмайды. Кәсіподақ жетекшілері үкімет қарапайым жұмысшылардың жанайқайына құлақ асу керек деп санайды. 

“Тоқыма өнеркәсібінде, тамақ және ауылшаруашылық салаларында, ауруханаларда жұмыс істеудің қаншалықты қиын екенін білеміз. Екі жыл ұзағырақ жұмыс істеуді сұрайтындар бұл салалардын қиындығын білмейді”, – деді француз кәсіподағының жетекшісі Филипп Мартинес.

“Жұмысшылардың төзімі таусылды, еңбек жағдайлары нашарлайды. Қызметкерлердің жағдайы неғұрлым ауыр болса, соншалықты әлеуметтің де жағдайы нашарлайды”, – деді  Бельгияның ЭНО провинциясындағы CSC кәсіподағының өкілі Эрик Кодрон.

Елдің 7 ірі кәсіподағы наразылық жариялады. Осыған байланысты бастауыш және балабақша мұғалімдерінің жартысына жуығы, мұнай өңдеу зауыты және энергетика саласы жұмысшыларының шамамен 75%-ы жұмысқа шықпады. Қоғамдық көліктер жүрмейді. Автобустар, пойыздар мен трамвайлар желіге тек арасында шығады.

Француздардың ереуілі басқа елдерге үлгі болды. Ұлыбританияда 2011 жылдан бергі ең үлкен шеру өтті. Көшеге жарты миллионға жуық мұғалім, мемлекеттік қызметкерлер, шекара қызметі қызметкерлері мен пойыз жүргізушілері шықты.

Талқылау