Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Еуропаның "Атлетико","Монако" құрамасында ойнаған қазақстандық спортшы ұлттық құрамаға шақыртылмақ

Литвалық "Жальгиристің" қорғаушысы Дінмұхаммед Қашкен Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабының назарына ілікті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz порталына сілтеме жасап.

23 жастағы футболшы өткен жылдан бері қазақстандық бапкер Владимир Чебуриннің сапында өнер көрсетіп, Литва чемпионатының жоғарғы дивизионында 12 кездесу өткізген.

Бұған дейін Қашкен "Атлетико" мен "Касабланка", сондай-ақ француздық "Монако" құрамасында болған. 2020 жылы жас қорғаушы болгариялық "Славиямен" келісімшартқа отырмақ болған. Футболшы сонымен қатар өткен жылы Қазақстан құрамасына Өзбекстан және БАӘ құрамаларына қарсы жолдастық кездесуге шақырту алуы керек еді. Алайда ойын принциптеріне және оларды жеңу қажеттілігіне байланысты жаттықтырушылар жас ойыншыны шақыртуды кейінге қалдыруды ұйғарған.

Қашкен биыл ұлттық құрамада дебюттік ойынын өткізуі әбден мүмкін.

Ол Қазақстанда "Астана-М", "Жетісу-Б", "Қайсар" және "Ақтөбе" командаларында қорғаушы болып ойнаған. Қазақстан жастар құрамасы сапында 11 ойын өткізген.

Талқылау