ЕУРО-2024: Англия құрамасы жартылай финалға жолдама алды
Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының жартылай финалына шыққан үшінші құрамана белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Gettyimages.ru/
Еуропа чемпионатының ширек финал аясында Англия мен Швейцария құрамасы жолығып, жартылай финалдың жолдамасын сарапқа салды. Алғашқы таймда есеп ашылмағанмен екінші таймның соңына қарай Швейцария құрамасының ойыншысы Брель Эмболо есеп ашты. Дегенмен швейцариялықтар матч соңына дейін басымдылығын ұстай алмай, 80-минутта қақпаларына гол жіберіп қойды. Букайо Сака есепті теңестіріп, ұлыбританиялықтарды жеңілістен құтқарып қалды. Экстра-таймда да гол соғылмай, мәселенің барлығында пенальти сериясында шешілді. Англия құрамасы пенальти сериясында 5:3 есебімен жеңіске жетіп, жартылай финалға шықты.
Айта кетейік, бұған дейін Испания мен Франция құрамасының жартылай финалға жолдама алғанын жазған едік. .
"Біз славян қазақтарымыз": Қазақстандық әке жеті баласына қазақ тілі мен домбыра үйретіп жүр
Роман Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін қазақ тілін үйренуге ден қойып, содан бері тілді біртіндеп жетілдіріп келеді
Шымкентте әйелін аяусыз соққыға жыққан ер адам тек 25 күнге қамалды
Шымкентте әйелін соққыға жыққан ер адам 25 күнге сотталды

