Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар
Басты жаңалықтар

Есіл өзені ернеуінен асып, солтүстіктегі халықаралық маңызы бар жолды шайып кетті

Еліміздің солтүстігінде Есіл өзені ернеуінен асып, халықаралық маңызы бар жолды шайып кетті деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі 31-арнаның Инфрмбюро жаңалықтар бағдарламасына сілтеме жасап.

Түсірілімнен скриншот

Челябі-Новосібір тас жолындағы судың деңгейі жарты метрге дейін көтеріліп, көлік қозғалысы тоқтатылды. Петропавлдың іргесіндегі Заречный ауылында 30-дан астам саяжай суға кетті. Шығынға батқан тұрғындар жергілікті биліктен көмек сұрайды.

Челябі-Новосібір халықаралық тас жолы Петропавлдың маңындағы облыс орталығы мен бірнеше ауданды байланыстырады. Есіл өзенінен жайылған су 30 сантиметрге көтеріліп, жеңіл және жүк көліктері жүретін жолды шайды. Кейбір көліктер жолдың тура ортасында істен шығып қалды. Соның салдарынан тас жолдың бойында темір тұлпарлардың қозғалысын толық тоқтатуға тура келген.

“Судың ортасында қалған бірнеше көлік от алмай қалды. Генератор суға толып қалған болуы мүмкін. Енді белгіленген жерге жету үшін он шақырым жолды айналып өту керек. Өте қолайсыз”, – деді Петропавл қаласының тұрғыны Алексей Коротков.

Қазірдің отыздан астам саяжай учаскесі тізеден асатын судың ортасында тұр. Тұрғындардың көбі өз саяжайларына кіре алмай қалғанын, ондағы бар дүние-мүліктің бүлініп қалғанын айтады. Тіпті, су кетпесе жаздың ортасына дейін жеміс-жидек еге алмайды екен.

“Бұл жағдай жылда қайталанады. Билік бұдан сабақ алып, осы жағдайды реттеу керек еді. Енді жаздың ортасына дейін саяжайдағы жер кеппей, түк еге алмаймыз. Маусымда бәрі кеш”, – деді петропавлдық ер азамат Александр Фаткулин. 

Ал төтенше жағдай қызметі бұл тасқынның басы ғана деп болжады. Алдағы екі күнде Заречный ауылына баратын жолдарды да су шаюы мүмкін. Еріген қар суы құйылып, өзен тағы арнасынан асса, Заречный ауылы аралда қалу қаупі бар. Мамандардың айтуынша, олар төтенше жағдайға дайын.

“Вал жасалды, қаптар, инерттік материалдар бәрі дайын. Кезекшілік ұйымдастырылған. Полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар қызметкерлері, жергілікті атқарушы органдар қызметкерлері тәулік бойы қызметте, – деп мәлімдеді Петропавл қаласы төтенше жағдайлар басқармасының басшысы Назымбек Елемесов. 

Мамандар екі-үш күнде су қатты келуі мүмкін деп болжады.

Қырмызы Скендирова
Сейсенбі, 18 Сәуір, 2023 07:49
Талқылау