Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ": Гүлзира Айдарбекова "келіндеріңмен жарыспа" деп сынағандарға жауап берді

Белгілі продюсер Гүлзира Айдарбекова кіші келінімен видео түсіріп, көйлектерін көрсетті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.  

Фото: https://www.instagram.com/gulziraaidarbekova/

Гүлзира Үсенқызының айтуынша, қыз-келіншектер көйлектерін келіні екеуіне қарап таңдау жасаса, қателеспейтін көрінеді. 

“Келін жақсы болса, үйге күн нұры төгіліп тұрғандай ғой, шіркін?! Мамалап қас қабағыма қарап отырады, сілкінбейді, көгермейді одан артық не керек. Осылардан құдай айырмасын, ұрпағымды жалғастырып, көз қуанышым болып, ата-аналарымен мың жылдық құдай берген құда-жекжат болып жүруімізді жазсын, Алла! Осылар бақытты болса, құда мен құдағи да тыныш қой. Еркелесе еркелесін, еркелететін қыздарым да жоқ. Қиылып, күлімдеп шайын тырыспай беріп, мама деп тұрса, жүрегімді жұлып беруге дайынмын”, – деп жазды продюсер. 



Желі қолданушылары түрлі образдағы көйлектерді көріп, мақтап жатса, енді бірі келіндері туралы сұрап жатыр. “Жас келіндеріңмен жарысып шаршаған жоқсың ба? Еркін өмір сүруге мүмкіндік берсеңші” деп пікір жазған оқырманын орнына қойды. 

“Құдай шаршатпасын,қандай ұят тірлік көріп тұрсыз, басым жастыққа тиіп қалыпты ма қартайып?! Сізге отыру ұнаса, отыра беріңіз, менің шаруам да жоқ сіз жайлы әңгімем де жоқ. Үйренсін, үлгі алсын, менің оларға ұнағаным болар, ешқайсысы өз анасының жолын қуған жоқ, менің жолыммен келеді, байқамадыңыз ба?”, – деп жазды Гүлзира Үсенқызы.

Еске салайық, "Жұлдыз үйқамақта болған жоқ" деп Қайрат Нұртастың анасы келіні туралы шындықты айтқанын жазған едік. 

 

Талқылау