Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Ермұрат Бәпи: Айдос Сарымның "сатқындыққа бару себебін" түсінемін

Қоғам белсендісі, журналист Ермұрат Бәпи соңғы кездері Қазақстан халқы қатаң сынға алған саясаттанушы, ҚР Парламенті мәжілісі VII шақырылымының депутаты Айдос Сарымның әрекетіне байланысты Stan.kz тілшісіне сұхбат берді.

коллаж бапи сарым

Көпшілік бірнеше жыл қатарынан саясаттанушы ретінде “Nur Otan” партиясын сынап, артынша сол партия атынан мәжіліс депутаты атанған Айдос Сарымның әрекетін "сатқындық" деп атаған еді. Ал өзін тәуелсіз журналист санайтын Ермұрат Бәпи болса мұның бәрін тіршіліктің қамы деп түсіндіреді. Тіпті “Nur Otan” партиясында Айдос Сарым сияқты партия саясатын толық қолдамайтындардың, амалсыздан күнкөріс қамы үшін шыдап жүрген жандардың барын жасырмайды.

Журналист өз кезегінде саясаткер Айдос Сарымға саяси қарарларды шығару кезінде абай болуға кеңес берді. Себебі, ел тағдырына қатысты "ауыр шешімдерді" қызды-қыздымен қолдап жіберсе, нағыз сын сонда айтылатынын ескертті.

"Қазіргі уақытта Айдос екеуміз араласпаймыз, бірақ бұл екеуміздің арамызда жанжал орын алды деген сөз емес. Жалпы мен оның биліктің жағына шығып кетуін азамат ретінде түсінемін. Себебі Қазақстанның қазіргі оппозициясында Айдос секілді түсінігі терең азаматтар керек болмай қалды. Олай дейтінім оппозицияның бүгінгі таңда күші қалмады. Осындай аз халықтың ішінде Айдос өзінің ұзақ уақыт жүре алмайтынын ұққан секілді. Мен өзім оның әрекетін осылай түсінемін", - деді Ермұрат Бәпи.

Айдос Сарым – танымал қазақстандық саясаттанушы, Қазақстан Парламенті мәжілісінің VII шақырылымының депутаты. 

Талқылау