Ерлан Қошанов мәжіліс депутаты болды
Орталық сайлау комиссиясы мәжілісте босаған депутаттық мандатты Ерлан Қошановқа беруге шешім қабылдады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісі депутатының бос мандаты "Nur Otan" партиясы" қоғамдық бірлестігінің мүшесі Ерлан Жақанұлы Қошановқа берілсін. Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы парламенті мәжілісінің депутаты болып тіркелсін. Ерлан Жақанұлы Қошановқа белгіленген үлгідегі тиісті куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсырылсын", - делінген ОСК қаулысында.
Айта кетері, мәжіліс спикері Нұрлан Нығматулиннің өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтатуға өтініш бергені белгілі болды. Осыған орай орталық сайлау комиссиясы бұл мәселені мәжіліс қарауына енгізді.
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек
Астанада параспортшылар федерация басшысына жалақысының бір бөлігін беруге мәжбүр болғанын айтты
Федерация басшысына "Алаяқтық" бабымен іс қозғалған