"Ерке мен Райымның құпиясын ашамыз": Ерке Есмахан атын пайдаланып курс жасайтындарға ескерту жасады
Танымал әнші Ерке Есмахан желіде қарым-қатынасты жақсартамыз деп сабақ сататын психолог-коучтарға үндеу жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: https://www.instagram.com/erke_esmahan/
Өнер иесінің айтуынша, күйеуі екеуінің атын пайдаланып, курсқа мысал ретінде қосатындар көбейген.
“Ерке Есмаханның құпиясы, техникасы, энергиясы, тіпті Райм мен Еркенің махаббатының сырын айтып, үйретеміз деп жатыр екен көп білгіштер. Өзім де қатыссам ба деп қоямын. Не деген Ерке Есмахан ол сонша деймін да. Менің техникам – шынайылық. Қалғанына сенбеңіздер", – деп жазды әнші.
-
"Қалғаны сөйлей берсін": Ерке Есмахан ата-енесін жер-көкке сыйғызбай мақтады
-
"Келін міндетті" дегенді қояйық": Ерке Есмахан ене мен келін тақырыбын қозғады
Алайда желі қолданушылары әншінің образын сөз етіп, ерекше деп бағалап жатыр.
“Коуч-психологтарға мән бермеңіз”, “Ешкімнің алдында ақталма!”, “Шұлық пен туфли әдемі жарасып тұр”, “8-сынып оқып жүргенде шұлықпен туфли кигенімді көрген мұғалім: “Мамбеттердің стилі” деп еді”, “Қарапайым киім, бірақ құны 10 миллионға дейін барады”, “Екеуіңіздің қатар отырып сұхбат бергендеріңізді күтіп жүрмін”, – деп жазып жатыр оқырман қауым.
Еске салайық, "Қарындасына жол беріп тұр" деп Ерке Есмахан тағы бір сәбилі болуға қатысты ойын айтқан еді.