Ерке Есмахан: Неге еркектер атақты, әдемі әйелдерді бақытты ете алмайды?
Ерке Есмахан Instagram-да оқырман сауалына жауап беріп, жеке өміріне қатысты сыр шертті. Ол Aзамат Зенкаевпен 1 жылдан бері кездесіп жүргенін ашып айтты, деп хабарлайды Stan.kz.

Еркенің өзінен 9 жас кіші жігітті таңдағанын көпшілік әлі де түсінбейді. Махаббаттың жасқа қарамайтынын әнші қанша рет түсіндіруге тырысса да, бұған қатысты сауалдар толастар емес. Оған Ерке:
"Хоть жас болса да, жігіт таңдағаныма рақмет деп қойсаңдаршы. А то қазіргі заманда қорқынышты. Неше түрлісін көріп, естіп жүрсіздер ғой онсыз да", – деп жауап берді.
Бұдан өзге, әнші не себепті ұлын Ақтөбеде, өзінен жырақта оқытып жатқанын түсіндірді.
"4-ші сынып, бастауышты үйренген сыныптастарымен және ең керемет ұстазымен бірге аяқтап алсын деп шештік", – деді ол.
Ерке Голиивуд жұлдызы, атақты актриса, сұлулығымен талай жігіттің жүрегіне жара салған Одри Хепберн жайлы білгенімен бөлісті. Ол актрисаның үш рет тұрмыста болғанын, қанша сұлу, адал болса да, күйеулерінің оны бағаламағанын ашына айтты. Бұл ретте ол:
"Атақты, әдемі әйел жалғыз болу керек па? Неге еркектер оларды бақытты ете алмайды? Неге дейм? Ер азаматтар өлердей ғашық болған сұлуға үйленіп алады да, депрессия болып, ішіп, көзіне шөп салып кетеді?!
Соған қарағанда мұндай әйелдің қасында іштегі комплекстер шығып, еркек бірден әлсіз боп шыға келетін сияқты", – деді Ерке.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын


