Ер адамның үш көңілдесі достасып, соңында жігітті соттатып жіберген
Қытай тұрғыны көңілдестерін алдап, 100 мың юань (6,2 миллион теңге) алғаны үшін екі жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі SCMP сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Чен Хун есімді әйел өзінің сүйіктісі Хэ Шивэймен бірге кешкі ас ішкен. Олар көп мөлшерде алкоголь тұтынып, содан кейін әйелдің үйіне барған. Шивэйдің ұйықтап қалғанын пайдаланып, әйел оның телефонын тексерді де, басқа әйелдің хабарламаларын байқаған.
Ол Сяо Фанг есімді әлгі әйелмен байланысқа шығады. Ол Шивэймен бірге тұратынын және ер адам әдетте оған түнеуге келетінін айтып берген. Сонымен қатар ер адам екі әйелге де үйленеміз деп алдап жүрген екен. Хунмен Чжао Линг есімді тағы бір әйел байланысқа шығып, ол да Шивейдің сүйіктісі екенін айтқан. Ер адам оянған кезде Хун бұрын алған қарыздарын қайтаруды талап етті, бірақ ер адам бермей қойыпты. Бірнеше сағаттан кейін ер адамға алданған үш әйел полиция бөліміне келіп, Шивэйдің үстінен арыз жазған.
Сонымен қатар тергеу кезінде бір жігіттің бір уақытта сүйіктісі болған үш қыз достасып кеткен.
Шивэй Хунмен 2021 жылдан бастап, Фанмен 2022 жылдың маусымынан бастап, ал Линмен 2022 жылдың қазанынан бастап кездескен. Қытайлық әйелдердің әрқайсысынан ол қомақты қаржы алып, қайтармай қойған.
Ол сүйіктілеріне ұялы телефон дүкенінде жұмыс істейтінін айтқан. Кейінірек полиция Шивэйдің 2020 жылдан бері тұрақты жұмысы жоқ екенін анықтады. Ол қарыздарын төлеу үшін әйелдерді алдап, ақшаларын жымқырып келген.
Ортақ жігіттері абақтыға қамалғаннан кейін үш қыз бірге саяхаттауға шыққан.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік