Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Енесінің тосын әрекетіне наразы болған әйел оны үйінен қуып шықты

Reddit қолданушысы енесінің тосын әрекетіне наразы болғандықтан оны үйінен қуып шыққанын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

әйел

Жазба авторының сөзінше, күйеуі анасынан үш айлық қыздарына қарай тұруын өтініпті. 

"Кейінгі кездері бала ұйықтамайды, сондықтан қатты шаршап жүрдім. Іші ауырып, түнде құсқысы келеді, осы себепті ұйықтамайтын едім", – дейді әйел. 

Әйел енесі келгенде жуынып, ұйықтап алайын деген. Алайда қызының жылағанын естіп оянып кетіпті. Анықталғандай қызы бөлмеде жалғыз жатқан. Ал енесі бұл кезде сыртта келінінің телефонымен сөйлесіп тұрғанын көріпті. 

"Неге менің телефонымды алғанын және баланың неліктен жылап жатқанын сұрадым", – деп қосты әйел. 

Енесі оның сауалына ұлының қоңырау шалғанын естіп, ешкімді оятып алмау үшін далаға шықтым жауап беріпті. Бірақ келіні енісінің 37 минут бойы далада болғанын білген соң, бұл әрекетіне наразы болып, оны үйінен қуып шыққан. Кейін күйеуі де анасын еш себепсіз қуып шыққанына ашуланыпты. 

Желі қолданушылары әйелдің енесін "жауапсыз" деп атап, оның әрекеті баланың өміріне қауіп төндіргенін жазған.

Талқылау