Енді елімізде онлайн микронесиені ресімдеу үшін тұлғаның бет-бейнесі тексеріледі
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі микронесиелерді электрондық тәсілмен беру қағидаларына түзетулер жобасын ұсынды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Өзгерістер деректерді қосымша тексеру және микронесиені алаяқтық жолмен ресімдеу мүмкіндігін болдырмау арқылы қаржылық қызмет көрсету қауіпсіздігін арттыруға бағытталған.
Түзетулер аутентификацияның кемінде екі әдісін қолдана отырып, автоматтандырылған ақпараттық жүйенің жеке кабинетінде тіркеуді көздейді. Яғни биометриялық сәйкестендіру керек. Жеке кабинетте сәйкестендіру және аутентификациялау үшін келесі әдістерді қолдануға болады:
- Ұлттық куәландырушы орталығы ұсынған электрондық цифрлық қолтаңба;
- Клиенттің биометриялық сәйкестендіруі;
- Парольді немесе код сөзін тіркеген кезде клиент берген сөзді енгізу және телефон нөміріне келетін бір реттік парольді енгізу;
- Клиенттің бет-бейнесін құжаттағы суретімен салыстыру.
Ережеге микронесие беру кезінде автоматтандырылған ақпараттық жүйеге қойылатын талаптарға арналған жаңа тарау енгізіледі.
Жобаны талқылау 8 тамызға дейін жалғасады.
Осыған дейін елімізде телефон нөмірлерін өз бет-бейнелерімен тіркеу міндетті екені хабарланды.
"Әлемде мейірім барына сендіретін жандар": 2025 жылғы жан жылытар әрекеттер мен халықты тәнті еткен қазақстандықтар
Желі қолданушыларын тәнті еткен халық арасындағы қаһарман кейіпкерлердің әрекеттеріне шолу жасадық
2026 жылы қазақстандықтарға ақшаны қалай сақтаған тиімді – Қаржы сарапшылары кеңес берді
Жаңа жылда қазақстандықтарды қосылған құн салығының өсуі, инфляция бәсеңдеуі сынды жаңашылдықтар күтіп отыр