"Еңбек өтілім әріптестерімдікінен әлдеқайда көп": Даниал Ахметов жалақысы туралы айтты
Шығыс Қазақстан облысының әкімі еңбек өтілі көп болғандықтан жалақысының әлдеқайда жоғары екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Даниял Ахметов Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде еңбек өтілінің 48 жыл екенін айтты.
"Әкімдерде базалық жалақы бірдей. Яғни жалақы бір, ал әрі қарайғы өсімі еңбек өтіліне байланысты. Қазір жалақымды айтсам, әлеуметтік желіде сынай бастайсыздар. Менің еңбек өтілім 48 жыл. Бұл сіздердікінен әлдеқайда көп. Ал мемлекеттік қызметтегі өтілім 33 жыл", – деді Даниял Ахметов.
ШҚО әкімі еңбек өтілі өзге әріптестерінікімен салыстырғанда көп екенін қосып өтті.
"Өзге әріптестеріме қарағанда мен бұл қызметке мол тәжірибемен келдім. Менің жалақым 2 миллионнан жоғары", – деп қосты ол.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"Авиаотын бағасын көтеріп, қауіпсіздік талабын орындамау": Қазақстандық әуежайларға неге жаппай айыппұл салынды
Көптеген әуежай авиаотынды монополиялық жоғары бағада сату арқылы миллиондаған табыс тапқан