Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Қазақстанға адалмын": Еңбек министрі әдемі өмір сүру үшін не істеу керегін айтты

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтар әдемі өмір сүру үшін қалай жұмыс істеу керегін айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: primeminister.kz

Үкімет отырысында журналистер қазақстандықтар Еңбек министрі сияқты брендтік заттарды сатып алу үшін не істеу керек деп сұрады. Сондай-ақ олар елімізде ең төменгі жалақы 85 мың теңге екенін жеткізді.

"85 мың теңге – бұл ең төменгі стандарт. Қазіргі таңда жұмыс берушілер төмен біліктілікпен жұмыс істейтіндерге, яғни білімі мен біліктілігі жоқтарға жоғары жалақы төлеуді қамтамасыз етіп жатыр. Егер көбірек табыс тауып, әдемі өмір сүргіңіз келсе, өміріңізді білім алуға, өзіңізді кәсіби маман ретінде дамытуға арналған дағдыларды меңгеруге арнаңыз", – деді ол.



Сонымен бірге министр өзінің Dior көзілдірігі мен костюмінің түпнұсқа емес екенін айтты.

“Бұл көзілдірік сатылатын дүкеннің мекен-жайын айта аламын. Бұл оптика онда 25 мың теңге тұрады. Ал үстімдегі костюм де түпнұсқа емес. Оның да қайда сатылатынын айта аламын. Мен осындай киімдерді киюден ұялмаймын. Брендтік заттарды киюге тырыспаймын. Әдемі өмір сүру үшін қымбат мейрамханада тамақтанып, шетелде демалмаймын. Тіпті еңбек демалысымды шетелде өткізіп көрмегенмін. Мен Қазақстанға адалмын", – деді министр.

Айта кетейік, бұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Светлана Жақыпова қазақстандықтардың жұмысқа бір сағат ерте шығу мүмкіндігіне қатысты пікір білдірген еді. Ол қазақстандықтардың енді жұмысты бір сағат ерте бастай алатынын айтқан болатын. 

Талқылау