Елордада жарықтың сөнуі: Тоқаев тексеріс жүргізуді тапсырды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елордада электр қуатының өшуіне кінәлілерді анықтауды тапсырды. Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Баспасөз хатшысының мәліметінше, президент Нұр-Сұлтан қаласының басым бөлігінде жарықтың сөнуіне әкеп соқтырған апатты жағдайға байланысты үкіметке арнайы комиссия құруды тапсырды.
«Комиссияға вице-премьер Роман Скляр төрағалық етеді. Комиссия мұқият зерттеу жүргізіп, кінәлілерді анықтап, қажет болған жағдайда істі құқық қорғау органдарына өткізеді.
Президент үкімет пен Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігінен алдағы уақытта мұндай жағдайларға жол бермеу үшін шұғыл шаралар қабылдауды талап етті», - дейді Берік Уәли.
Еске сала кетсек, жексенбі, 10 қарашада, елорданың басым бөлігінде жарық сөніп қалған еді.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды