Елорда тұрғындарын арзан көліктерді "сатушы" 40 млн теңгеге алдады
Елордалық полицейлер 40 млн теңгеден астам сомаға тоғыз алаяқтық жасады деген күдікпен қала тұрғынын ұстады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Нұр-Сұлтан қалалық полиция департаментінің мәлметінше, күдікті аукцион арқылы төмендетілген бағамен автокөліктерді ұсыну арқылы тоғыз азаматтың 40 млн теңгеден астам ақша қаражатын жымқырды.
Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу кезінде "Есіл" ауданының полиция басқармасының қызметкерлері бірқатар алаяқтық жасағаны үшін 26 жастағы қала тұрғынын ұстады.
Қазіргі таңда күдіктіге қатысты ҚР ҚК-нің "Алаяқтық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ұсталған азамат тергеу изоляторына қамалды, оның бұрын жасалған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексеріледі.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты