Елімізде парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді
22-маусымда парламент палаталарының бірлескен отырысы өтеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Шешімге мәжілістің спикері Нұрлан Нығматулин қол қойып, дайындық жұмыстарын бастауды тапсырған. Бұл туралы мәжілісмен өзінің желідегі парақшасында жариялаған.
"Мен парламент палаталарының бірлескен отырысын 2020 жылдың 22-маусымында шақыру туралы бұйрыққа қол қойдым. Үкімет пен Есеп комитетінің 2019 жылға арналған республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есептері тыңдалады", - деп жазды ол Twitter-де.
Осылайша Нығматулин отырыста республикалық бюджетке қатысты сөз қозғалатынын тілге тиек етті.
Қазақстан Парламенті - заң шығарушы функцияларды орындайтын елдің ең жоғарғы өкілді органы. Ол екі палатадан: Сенаттан және Мәжілістен тұрады.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев Сенатқа сайлау өткізуді 12-тамызға жоспарлаған.
Қазақстанда хиджабқа бола мектепті лицензиядан айыру дұрыс па: Заңгерлер не дейді?
Оқу-ағартуға қатысты ҚМДБ-ның өшірілген жазбасы
"Шөптің арасына көміп кеткен": Күйеуінен таяқ жеген әйелді құтқарып, қаза болған полицейдің жары оқиғаны айтып берді
Күдікті өз гаражында оны айуандықпен, азаптап өлтіріп, орап, үстіне шөпті үйіп тастаған