Елімізде медициналық масканың шектік бағасы бекітілді
Қазақстанда медициналық масканың бағасы 60 теңгеден аспауы тиіс, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл туралы бүгін ҚР премьер-министрінің орынбасары Ералы Тоғжановтың төрағалығымен өткен ведомствоаралық комиссияның отырысында белгілі болды.
"Мемлекеттік органдармен, "Атамекен" ҰКП және отандық тауар өндірушілермен талқылаудың қорытындысы бойынша бір рет қолданылатын медициналық маскалардың шекті бөлшек саудадағы бағасы 80 теңгеден 60 теңгеге дейін, яғни 25%-ға төмендетілді", - делінген ресми хабарламада.
Қазақстанға 12 жылдық мектеп керек пе: Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқу мерзімі қысқарса, не өзгереді
Мектептегі қосымша бір жылға қатысты қоғам пікірі екіге бөлінді
Елтаңба тауып алғаны, өз ақшасына алаң салғаны үшін: Қазақстанда талқыға түскен айыппұлдар
Қайсысы әділ, қайсысы шектен шыққан шешім болды