Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Екі күн карантинге жатқызылмайтын болды: Елге келетіндер ПТР тест нәтижесі болмаса ұшаққа кіргізілмейді

Көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Садвакас Байғабұлов халықаралық рейстерге қосымша карантиндік шектеулер енгізу туралы айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"26 қазаннан бастап барлық халықаралық жолаушыларға, оның ішінде Қазақстанға халықаралық рейстерге келетін Қазақстан азаматтарының мемлекеттік шекарадан өту кезінде 72 сағаттан ерте таңдалған ПТР бойынша COVID-19 сынағынан өткендігі туралы сертификаты болуы керек", - деді Байғабұлов.

Ол 26 қазаннан бастап ПТР тестілеуі жоқ қазақстандықтар екі күндік карантинге жатқызылмайтындығын түсіндірді. Өйткені барлық жолаушының ПТР сертификаты болуы керек.

Көліктегі бас санитарлық дәрігердің айтуынша, ПТР сынағынан өткендігі туралы сертификаты жоқ қазақстандықтар әуежайдан ұшаққа кіре алмайды.

5 жасқа дейінгі балаларға ПТР анализі сертификаты қажет емес деді Байғабулов.

"Осыған байланысты шетелге ұшқан немесе қазіргі уақытта шетелге ұшуды жоспарлап отырған қазақстандықтар осы талаптарды ескеруі керек", - деп қосты ол.

Талқылау