Елена Рыбакина Уимблдонның ширек финалында жеңіліп қалды
Қазақстанның бірінші, әлемнің 3-ракеткасы Елена Рыбакина Уимблдонда жартылай финалға шыға алмады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 6-ракеткасы, тунистік Онс Жабермен шеберлік байқасты.
Қарсыластар осыған дейін өзара төрт рет кездескен, есеп тең еді - 2:2.
Бұл жолы бірінші партияда теннисшілер екі-екіден брейк жасады. Тай-брейкте қазақстандық спортшы басымдылық танытты - 7:6 (7:5).
Алайда екінші сет соңына таман Онс Жабер күш алып кетті - 6:4, 6:1.
Екі сағатқа жуық уақытқа созылған матчта Е.Рыбакина 7 эйс жасап, 9 брейк-пойнттың екеуін пайдаланды. Қарсыласы 8 эйс, 5 брейкпен көзге түсті.
Онс Жабер финалға шығу үшін әлемнің 2-ракеткасы, Беларусь өкілі Арина Соболенкомен таласады. Ол дүниежүзілік рейтингте 18-орында тұрған америкалық Мэдисон Кизді қапы қалдырды - 6:2, 6:4.
Талқылау
Қазақстандықтар туыстарын асырауға мәжбүр екенін айтты: Ойлануға тұрарлық оқиғалар
Жазба 200 мыңнан астам қаралым, 2 мыңға жуық пікір жинаған
Қазақстанға ЛГБТ насихатына тыйым қажет пе? Депутаттар мен белсенділердің пікірін тыңдадық
Депутаттар ашық насихатталып жатқан бір жынысты неке, педофилияға заңмен тыйым салу көзделіп отырғанын айтты