Елдегі зертханалардың бірі коронавирусқа ақылы тест тапсыруды тоқтатты
Ұлттық сараптама орталығында коронавирусқа ақылы тесттер алынып тасталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Қазақстан Республикасының бас санитар дәрігерінің 2020 жылғы 25 маусымдағы № 43 қаулысы негізінде COVID-19 зертханалық тексеру бойынша ақылы қызмет көрсету тоқтатылды. Тегін тест тапсыру сұрақтары бойынша емханаларға хабарласуларыңызды сұраймыз", - делінген хабарламада.
Бұдан бұрын ҰСО Қазақстанның бес қаласында: Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент, Қарағанды, Орал қалаларында ақылы тестілеуді тоқтату туралы мәлімдеді. Мұны орталық өкілдері зертханалардың үлкен жүктемесі деп түсіндірді.
Астанада үш бала ұйықтап жатқан пәтерге жалаңаш ер адам кіріп кеткен: Полиция тергеу жүргізіп жатыр
Балалардың әкесі өзін қорғауға мәжбүр болған
Қазақстанда үйді міндетті сақтандыру қалай жұмыс істейді: Жылына қанша төлеп, апат болса қанша ақша алуға болады
Жоба әуелі үш өңірде сынақтан өткізіліп, кейін 16 өңірге енгізілмек