Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Елбасының тапсырмасынан кейін мәжілісте ұлты басқа депутаттар жаппай қазақша сайрап кетті

Үкіметтен кейін іле-шала  бүгін мәжілісмендер де  жаппай  қазақша  сайрады. Тіпті, төменгі палатадағы ұлты бөлек халық қалаулыларына дейін Үкімет мүшелеріне қазақша сұрақ қойып, таңқалдырды, деп хабарлайды КТК.

Фото: ©Болат Шайхинов

Таңқалдыратыны бұған дейін олар тек орысша ғана сөйлейтін. Ұзақ жылдардан соң төменгі палатада ана тілдің үстемдік құра бастағанына қуанған депутаттар шенеуніктерді  мемлекеттік  тілде  емтихан тапсыруға міндеттейтін заң жобасын әзірлеуді ұсынды.

Осы уақытқа дейін өздеріне өте ыңғайлы орыс тілінде заң жазып, сауал жолдап келген  депутаттар бір күнде өзгеріп шыға келді. Президенттің тапсырмасы талқыланбайтынын жақсы түсінетін мәжілісмендер шетінен тілдерін сындырып,  қазақша сайрап жүр.  Негізі,  төменгі палатаға Ұлттық банк төрағасы  сақтандыру туралы заңға өзгеріс енгізіп алып келген. Данияр Ақышевтың баяндамасы және  халық қалаулыларының көбінің сауалдары мемлекеттік тілде болды. Тіпті ұлты басқа депутаттар да  күтпеген жерден  қазақша сөйлеп, таң қалдырды.

“Заң жобасынан сақтандырушы мен клиент сақтандыру талаптарын нақытлай алатын шектік көріп отырған жоқпыз. Ұлттық банк жүктелген сақтанылру шарттару шектерді белгілеуді жоспарлап отыр ма?”,  дейді Мәжіліс депутаты Наринэ Микаелян.

“Біріншіден, турист үшін пакет қаншалықты өседі, екіншіден туристік фирмасыз өз бетінше шетелге шығатын азаматтарды сақтандыру көзделген бе?”, – дейді қазақ тілінде Ирина Унжакова.

“Клиенттерден дербес деректерден қорғау үшін және сақтандыру компаниялардың кибер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қандай талаптар қою қажет деп ойлайсыз?”, – дейді Магеррам Магеррамов.

Бұдан кейін қазақшаға  судай Геннадий Шиповских сөз алды. Ұлттық банк әзірлеген заң жобасында сақтандыру полисіне қатысты  шикілік  бар екен.  Ол Ақышевтен соны сұраған.

“Неліктен сақтандыру полисі сақтандырудың  жалпы қолдану мерзімі толық өткенше,  яғни, бір жылға.  Немесе сақтандырудың барлық сомасы біткенше жарамды болмайды?”, – дейді Мәжіліс депутаты Геннадий Шиповских.

Бас банкир сауалдарға күні бұрын дайындалып келсе керек.  Алдындағы шпаргалкаларға қайта-қайта үңілумен болды. Сөйтіп тұрғанда қағаздардың  арасынан Шиповскихтың сұрағына  әзірлеген жауабын таппай қалды ма, әйтеуір,  Ақышев сөзден  шатасты.

“Жол апаты болған жағдайда  кінәлі  тұлғаны сот анықтайды. Бұл бірнеше айға созылуы мүмкін. Осы уақыт аралығында көбінесе көлік иелері автокөлікті жүргізуді жалғастыра береді”, – деді  Ұлттық банк төрағасы.

-Мен баяндамашының жауабына қанағаттанған жоқпын. Сондықтан да өз сұрағымды қайтадан қоюға мәжбүрмін.

-Мен жауап бердім. Бәрі осы…

-Жоқ, сіз мына оқып берген басқаша болды ғой. Сол ғой депутат Шиповскихтың…

Парламете ана тілдің үстемдік құра бастағанына қуанған депутаттар қазақ тілін барлық салада  кеңінен қолдану үшін арнайы заң жобасын жазу керек деп ұсынды. Берік Дүйсембинов экономика, бизнес, ғылым, технологияны  қазақшалайтын  және  шетелдік компаниялар мен инвесторлардан  да мемлекеттік тілді талап ететін, сондай- кез-келген лауазымды қызметкерді  емтихан тапсыруға міндеттейтін заң әзірленуін   премьерден талап етті.

“Қазір қазақ тілінен емтиханды тек президенттікке  үміткерлер ғана тапсырады. Біздің ойымызша мемлекеттік тілді міндетті түрде игеруге тиісті лауазымды шенеуніктердің тізімін одан да кеңейтуді қарастыру керек. Үкіметті мемлекеттік тілді қолдану саласын кеңейту тарыл заң жобасын дайындауға шақырамын”, – дейді Берік Дүйсембинов.

Осылайша, Есілдің сол жағалауында   министрлер мен депутаттар  арсында қазақ тілін меңгеру науқаны қызу  жүріп жатыр. Бірақ, мемлекеттік тілде сөйлей бастаған  халық қалаулыларының сауалдары, Үкімет мүшелерінің қойылған сұраққа жауабы бұрынғыдан айтарлықтай қысқарып қалыпты. Содан да болар, жалпы отырыста сөз алған мәжілісмендер мен министрлер сөзін көпке созбады. Ал қазақша сөйлеп, қазақша жазу  эстафетасының кезегі Үкімет, Мәжілістен кейін  енді Сенатқа келіп тұр.

Тағы оқыңыз:

Жапон қызына үйленген қазақ жігіті: Әйелім туыстарымнан қарыз сұратпайды

Түркияда жарына опасыздық жасағандарды қылмыстық жауапкершілікке тартпақ

Күдікті хаттың кесірінен 11 әскери адам зардап шекті

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр