Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласында көзге түсті (видео)
Экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев Өзбекстандағы Бұқара қаласына барды. Мұнда ол қаланың тарихи орындарымен танысқан. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Видеодан скриншот
Өзбекстан президенті Шавкат Мирзиёев те аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуына бағытталған қызмет сапарымен Бұқара қаласына келген екен. Мирзиёев Назарбаевпен ресми емес кездесу өткізді.
Шавкат Мирзиёев пен Нұрсұлтан Назарбаев Бұхара қаласының айтулы орындарын аралап шыққан. Олар тарихи орындардың қоғам үшін маңызын талқылап, өскелең ұрпақты тәрбиелеудегі орнын атап өткен.
Еске салайық, Назарбаев бұған дейін ұлы Тауманмен Біріккен Араб Әмірлігінде көзге түскен еді.
"Заманауи болу үшін өз мәдениетіңнен бас тартудың қажеті жоқ": Қазақстандық этнодизайнер ұлттық киімдер қалай сәнге айналғанын айтып берді
Айгүл Жансерікованың айтуынша, этнодизайн тек ою-өрнекті киімге орналастырумен шектелмейді
Марқұм фельдшер Ұлдана Мырзуанның күйеуі 8 ай өткен соң қайта шаңырақ көтерді
Желі қолданушылардың бірі Зейнел Әділеттің жаңа әйелі марқұмның жақын араласқан құрбысы екенін айтады