Еліміздің экология министрлігі киік мүйіздерін шетелге сатпақ
Экология және табиғи ресурстар министрлігі киік мүйіздерін шетелге сатуға квота алу үшін CITES хатшылығына құжаттарды жіберді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Власть” порталына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қазіргі уақытта халықаралық нарықта киікті, оның ішінде мүйіздерін коммерциялық пайдалануға нөлдік квота белгіленді. Халықаралық сарапшылардың ұсынысымен министрлік киіктерді республикадан тыс жерлерге сату мақсатында квота алу үшін қажетті құжаттарды дайындап, CITES Хатшылығына жібереді. CITES конвенцияларының келесі сессиясы 2025 жылы өтеді”, – деп мәлімдеді ведомство.
Әзірге "популяцияны реттеу нәтижесінде алынған" киік мүйіздері "Охотзоопром" МКК бас кеңсесінде сақталады.
Шымкенттік әйел өзін күйеуі мен енесі ұрып-соғып, екі баласымен үйден қуып жібергенін айтты
Қазір әйел екі баласымен әпкесінің үйін паналап отыр
Қазақстандық Ресейге жұмысқа кеткен інісінің Украинадағы соғысқа күштеп жіберілгенін айтып, көмек сұрады
Айнабек: "2-3 күнде алып кетпесеңіздер соғысқа аттандыру басталып кетті"